2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалған Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

ХАБАРЛАМА

         2026 жылғы 19 шілдеде Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

         Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Михайлов сайлау округі

Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1081 азамат кірді, олардың 640-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 57.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Асекова В.Н. – 33; Ерисова Е.С. – 36; Сүлейменова Ғ.Т. – 492.

         Михайлов ауылдық округінің әкімі болып сайланды Ғалия Тілекқалимқызы Сүлейменова, 1975 жылы туған, Михайлов ауылдық округінің әкімі, Михайлов ауылдық округінің Михайлов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

        

        

 

                                    

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
20 июля 2026