2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалған Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат

2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалған Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат

 

 

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 10 маусымда «Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімнің заңда белгіленген өкілеттігі тоқтатылуына байланысты, Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылдады, жоғарыда көрсетілгендердің негізінде әкім сайлауы 2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалды.

Сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 1 аумақтық және 3 учаскелік комиссия қатысады. Барлығы 22 комиссия мүшесі, оның ішінде 7АСК мүшесі, 15 УСК мүшесі.

Ұсыну кезеңінде бір округ бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидат тіркелгенге дейін жеке өтініші бойынша алынып тасталды.

3 кандидат тіркелген және сайлау бюллетеньдеріне енгізілген.

Округ аумағында 4 баннер орналастырылған, ақпараттық плакаттар желімделген.

28 маусым сағат 18.00-ден кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастады, ол 6 ақпанды қоса алғанда жалғасады.

28 маусымдағы жағдай бойынша сайлау округі бойынша сайлаушылар саны 1081 адамды құрайды.

Мүгедектігі бар адамдарсаны – 12адам.

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері шақыру қағаздарын таратқан кезде, сондай-ақ үйде дауыс беру бойынша өтініштерді жинау бойынша жұмыс жүргізеді.

Учаскелік комиссия ақпараттық стендтермен, кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын урналармен, кеңсемен және т.б. жабдықталған.

Ағымдағы жылдың 3 шілдеде аумақтық сайлау комиссиясының төрайымының орынбасары А.С. Темербеков пен комиссия хатшысы К.А.Граф, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен оқыту семинары өткізілді, оның барысында дауыс беру күні учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, дауыстарды санауды жүргізу, дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және ұсыну, сондай-ақ АСК пен УСК арасындағы жұмыстағы басқа да аспектілер мәселелері қаралды. Дауыс беру күні туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Алған білімдерін бекіту үшін семинарға қатысушыларға кейстік тапсырмалар, бақылау сұрақтары ұсынылды, «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР ҚЗ біліміне тестілеу өткізілді.

Сайлау күні комиссиялардың жұмысы дауыс беру күнін өткізу алгоритміне сәйкес ұйымдастырылады.

Комиссиялардың жұмысы бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі.

2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалған Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат
Дата публикации
08 июля 2026