Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
телімін алынуына байланысты жер
телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "құқықтық актілер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Аршалы ауданының әкімдігі:ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.«Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскелерінің иесі немесе міндетті түрде жер пайдаланушысы алдым деген ескертпе алынуымен пошта арқылы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту мен қосымша мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алынуына байланысты сатып алу келісім – шартының жобасын алуы жөнінде міндетті ескертілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскелерін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
Аршалы ауданының әкімі Д. Есжанов