«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының  жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

 «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының  жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

 

«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі 47, 307 кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(71644)21870 (ішкі 1010), электрондық мекен-жайы: yu.valchuk@aqmola.gov.kz   (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 мб-тан аспайды, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.ru және т. б.) - 5мб-дан артық емес). Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. 1. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспектор, «E-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 069 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді жинақтау және әзірлеу. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу. «Мониторинг» ИАЖ жүйесінде мерзімі өтіп бара жатқан өтінімдерді анықтау бойынша жұмыс жүргізу. Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету және ұсыну туралы ақпараттандыру бөлігінде сайтты ақпараттық сүйемелдеу. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. Мемлекеттік қызметтер саласында жария талқылаулар өткізу.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.     

        Жұмыс тәжірибесі кем дегенде екі жылдық жұмыс өтіліне сәйкес келуі керек.

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2025 жылғы                 08 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі ‒ Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған "мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі құжаттарды немесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін электрондық тасығышта тапсырған күні.

  Кандидаттар кандидаттың жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

      Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

     Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының

1-қосымшасы

      Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

     Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға

      және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________      Мекен жайы: ____________________________________________________________________

      Байланыс телефондары: ____________________________________________

      e-mail: ___________________________________________________________

      ЖСН: ___________________________________________________________

____________________________________________________________________      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 20 __ ж. «___»_______________

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Дата публикации
26 мая 2026