«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі 47, 307 кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(71644)21870 (ішкі 108), электрондық мекен-жайы: arshaly_sup@aqmola.gov.kz)(электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 мб-тан аспайды, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.ru және т. б.) - 5мб-дан артық емес). Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын басқару салаларында елді мекендер шекаралары шегінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізеді, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүргізеді. Көлік шаруашылығы саласында есепке алуға және іс жүргізуге байланысты кешенді жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, өңірлік бағдарламалар мен даму жоспарларын, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қауіпсіз режимді әзірлеуге қатысады, өңірлік бағдарламалар мен даму жоспарларын, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын әзірлеуге қатысады. Жұмыстарды жүргізу технологиясына, сапасына, көлемі мен мерзімдеріне, олардағы жолдар мен жасанды құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйіне және жолдар мен жол құрылыстарын пайдалану тәртібінің сақталуына, мердігерлер мен өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына, автомобиль жолдарын тексеру мен диагностикалауды жүргізуге, көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есепке алуға, құралдарды мақсатты және тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады мемлекеттік бюджет және мүлік. Автомобиль жолдарының жай-күйін бағалауды жүзеге асырады және дайындалған қорытынды негізінде автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін жетілдіру және желісін дамыту, Жол жүрісі қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, Жол жүрісі қауіпсіздігін ғылыми, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының өтуін жүзеге асыруға арналған өтінімдерді қарайды, қозғалыс маршруттары мен жол жүру шарттарын келісуді жүзеге асырады, жалпы массасы немесе оське түсетін жүктеме нормативтік мәндерден асатын көлік құралдарының рұқсатсыз өтуі салдарынан автомобиль жолдары мен олардағы жасанды құрылыстарға келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, «Е-қызмет» ИАЖ, мұрағаттық және кадрлық іс қағаздарын жүргізуді бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім, немесе ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білім, келесі салалар бойынша: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша (сәулет және құрылыс немесе инженерия және инженерлік іс немесе өндірістік және өңдеу салалары немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (физикалық және химиялық ғылымдар (техникалық физика) немесе математика және статистика (механика) немесе қызметтер (көлік қызметтері)).
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, лауазымдарға орналасу үшін көшбасшылық.
Жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі ‒ Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1)осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған "мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі құжаттарды немесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін электрондық тасығышта тапсырған күні.
Кандидаттар кандидаттың жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
|
«Б» корпусының мемлекеттік 1-қосымшасы |
Нысан
|
|
__________________________ |
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________ Мекенжайы: ____________________________________________________________________
Байланыс телефондары: ____________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________
ЖСН: ___________________________________________________________
____________________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________