Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
dolgoletie_arshaly1@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Оспанова Күлпаш Балтабайқызы
«Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры
Общая информация, образование

1960 жылғы 4 тамызда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

Қарағанды қаласындағы Центросоюздың Қарағанды кооператив институтын (1981 ж.), Астана қаласындағы «Тұран» университетін (2002 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолы:
1981 жылдан 1999 жылға дейін Қазтұтынуодағы жүйесінде еңбек етіп, Вишнев ауданы бойынша ревизиялық комиссияның төрайымы қызметін атқарған.

2003–2005 жылдары – Аршалы аудандық АХАТ бөлімінің бастығы.

2005 жылдан 2019 жылға дейін – Аршалы аудандық әділет басқармасының басшысы.

2019 жылдан 2025 жылға дейін – Аршалы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрайымы.

2023 жылы Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Аршалы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2023 жылы Аршалы аудандық кәсіподақ төрайымы болып сайланды.

44 жылдық еңбек өтілі ішінде бірде-бір тәртіптік жаза алмаған.

Адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталған. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы әділет органдарының үздік қызметкері», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Әділет органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін», «Кәсіподақ қайраткері», «Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған. «Заң» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Ақмола облысы әкімінің, Аршалы ауданы әкімінің, Ақмола облысы Әділет департаментінің көптеген Алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы