2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Қағидалар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар: көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.