Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық)
округтерi, ауылдары (селолары), кенттерi
әкiмдерінің сайлауын өткiзудiң
ережелерi
- Әкiмдердi сайлау тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердiң аумақтарында тұрғылықты халық саны:
бес мың адамға дейiн болса - жалпыға ортақ тең әрi төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы;
бес мың адамнан астам болса - жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзіледi. Жанама сайлау құқығы аталған әкiмдердi азаматтардың өз өкiлдерi - таңдаушылар арқылы сайлаудан тұрады.
Тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi төрт жыл мерзiмге сайланады.
- Әкiмдердiң кезекті сайлауын Орталық сайлау комиссиясы әкiмдердiң өкілеттiктер мерзiмi аяқталардан кемiнде қырық бес күн бұрын белгілейдi. Шығып қалған әкiмдердiң орнына сайлауды облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша әкiмнің өкілеттіктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешіктірмей тағайындалады.
- Әкiмдердi сайлауға тиiстi аумақта тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға хақылы.
- Кандидаттардың осы Ережелерде белгiленген шекте сайлауға қатысуға тең құқықтары бар.