2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп Аршалы ауданы Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты ММ

  1. 1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебіне "Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтер саны: ауылдық округ әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі.

- барлық мемлекеттік қызметтер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының негізінде тегін негізде көрсетіледі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 18 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 0; - электрондық түрде - 18(ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы - қызметтер болған жоқ.

Түрген ауылдық округі әкімінің аппаратында "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 350 электрондық қызмет көрсетілді.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер мыналар: Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-11, 9-нәтиже-оң, 2-теріс; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 1, 1-нәтиже-оң. Жер учаскесін алуға кезекке қою -6.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының ақпараттық стендінен, әкім аппаратының телефоны арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер жария талқылауға арналған Сайтта және аудан әкімінің Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органның әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде түсіндіру материалдары жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің жауапты қызметкерлерін шақыра отырып, оқу өткізді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет алушылардан "Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

қызмет есебіне

әкім аппаратының

Түрген ауылдық округі

көрсету мәселелері бойынша

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

2024 жылға

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған Орган (ұйым)

Қарау күні

шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп Аршалы ауданы Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты ММ
Дата публикации
27 февраля 2025