
Осындай жобалардың бірі алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектеріне арнайы арналған "Жастар практикасы" болып табылады. "Жастар практикасы" одан әрі тұрақты жұмысқа орналасу үшін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ұсыну мақсатында ұйымдастырылады.
Жұмыс берушілерді тәжірибесіз жастарды жұмысқа қабылдауға ынталандыру мақсатында "бірінші жұмыс орны" және "ұрпақтар келісімшарты"жобалары енгізілді. "Бірінші жұмыс орны" жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген және жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы жұмыссыз жас азаматтарды жұмысқа орналастыруды, содан кейін зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыруды көздейді. "Күміс жас" жобасы, жұмыссыз адамдардың жалақысын субсидиялай отырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, практикалық дағдыларды ұсыну мақсатында жұмыс берушіде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқытуға, еңбек ресурстарының кәсіптік дағдыларын дамыту үшін онлайн-оқытуды енгізуге бағытталған.