Ауылдық округтің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы-Михайловка ауылдық округінің аумағында Михайловка , Николаевка, Ольгинка ауылдарында су құбыры бар. Михайловка ауылдық округінде округті абаттандыру тұрақты негізде жүргізіледі. Зират аумағында сенбіліктер өткізілді. Барлық әлеуметтік нысандарда аумақтарды тазарту бойынша сенбіліктер өткізілді. Айлық кезеңінде 6 стихиялық полигон табылды және жойылды. Қысқы кезеңде тұрақты негізде кенттік жолдардың ішіндегі қардан тазарту жүргізіледі.