Аршалы ауданының «Ижев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері бойынша қызметі туралы
ЕСЕБІ
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ижев ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебіне «Ижев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
-мемлекеттік қызметтер саны:ауылдық округ әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі.
-барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының негізінде тегін негізде көрсетіледі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 59 құрады: электрондық түрде - 59 (ЭҮП ақпараттық жүйелер).
Ижев ауылдық округі әкімінің аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 116 электрондық қызмет көрсетілді.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер мыналар: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; жер учаскесін алуға кезекке қою.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Ижев ауылдық округі әкімі аппаратының стендінде, әкім аппаратының телефоны арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер жария талқылауға арналған Сайтта және аудан әкімінің Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органның әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде түсіндіру материалдары жарияланады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет алушылардан «Ижев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады.
Ижев ауылдық округінің әкімі Ж. Айбасов
Ижев ауылдық округі әкімі
аппаратының 2025 жылғы
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі
қызметінің есебіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Ижев ауылдық округінің әкімі Ж. Айбасов