«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы «2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу туралы» № А-02/32 қаулысына сәйкес:
1) 2026 жылғы 01 наурызға дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырылсын, көрсетілген есепті орналастыру туралы халықты хабардар етілсін;
2) 2026 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізілсін;
3). 2026 жылғы 08 сәуірге дейінгі мерзімде ресми интернет - ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы жария есепті жүргізу қорытындылары туралы қорытынды орналастырылсын.
2.2025 жылғы 07 ақпандағы № 07-ө «Аршалы ауданының Ижев ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу туралы» Ижев ауылдық округі әкімінің өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Ижев ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы жария есепті қалыптастыру және осы өкімнің орындалуын бақылау үшін жауапкершілікті өзіме қалдырамын.
Ижев ауылдық округінің әкімі Ж. Айбасов