Ижев ауылдық округінің 2025-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

1 бөлім. «Қосулы бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) кезеңі».

 Бюджет кодексінде айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті болып табылады.

 

Бюджет процесі- Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген Мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасы Министрлігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттерді әзірлеу қағидаларына (2017 жылғы 21 тамыздағы №507 өзгерістерді ескере отырып) сәйкес қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-1-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан (облыстық маңызы бар қала)мәслихатының шешімімен бекітіледі

 

2023 жылғы 05 желтоқсандағы№ 43 - III ҚРЗ «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған 2024 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

2024 жыл

Ең төменгі күнкөріс деңгейі

43 407 теңге

Зейнетақының ең төменгі мөлшері

57 853 теңге

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

28 215 теңге

Ең төменгі жалақы мөлшері

85 000 теңге

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

3 692 теңге

 

 

 

Ижев ауылдық округінің үш жылдық кезеңге арналған бюджеті (2024-2026 жылдар) Аршалы аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/3 «Аршалы ауданының кентінің, ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімімен бекітілді және Ижевск ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 09 қаңтардағы № 01 «Аршалы ауданының 2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешімінің негізінде іске асырылатын болады.

 

                       Ижев ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, Ақмола облысының 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес қалыптастырылған және дербес атқарушы органдардың штат санының лимитін негізге ала отырып есептелген.

 

 

 

Ижев ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған    

 бюджетінің негізгі параметрлері

                                                                                                                     мың тенге

 Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Бекітілген бюджет

Бекітілген бюджет

Бекітілген бюджет

1.  Кірістер, оның ішінде :

51 129,0

53 852,0

55 235,0

Салықтық түсімдер

13400,0

13 450,0

13 500,0

Салықтық емес түсімдер

530,0

540,0

550,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

 

 

 

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

37 199,0

39 862,0

41 185,0

аудандық(облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен түсетін трансферттер / 1 қосымша, 2 қосымша/

37 199,0

39 862,0

41 185,0

2.  Шығындар

51 129,0

53 852,0

55 235,0

Бағдарлама 124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

39 856,0

41 987,0

42 749,0

Бағдарлама 124003 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету»

2 966,0

2 994,0

2 994,0

Бағдарлама 124 008 «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру».

509,0

545,0

583,0

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 124009 бағдарлама

1 300,0

1 374,0

1 470,0

Бағдарлама 124 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»

600,0

642,0

687,0

Бағдарлама 124013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»

5 897,0

6 310,0

6 752,0

3.  Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

1,0

0,0

0,0

4.  бюджет тапшылығы (профициті)

0,0

0,0

0,0

5. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0,0

0,0

0,0

 

  1. Түсімдер

Ижев ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджет кірістерін қалыптастыру Облыстың 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, бірқатар жылдар ішіндегі іс жүзіндегі түсімдердің, 2022 жылғы кірістер түсімдерін бағалаудың негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде жүзеге асырылды.

Ижев ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет кірістері келесі көлемдерде жоспарланған:

         2024 жылы-51 129,0 мың теңге;

         2025 жылы-53 582,0 мың теңге;

         2026 жылы-55 235,0 мың теңге.

2024-2026 жылдарға арналған Ижев ауылдық округі бюджетінің кірістері мынадай көздер есебінен айқындалды: «Салық түсімдері» бірінші санаты бойынша меншікті кірістер, оның ішінде 2024 жылға 13 400,0 мың теңге сомасында:

1) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомасы 130,0 мың теңге;

2) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы 200,0 мың теңге сомасында;

3) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық сомасы 6 070,0 мың теңге.

4) төлем көздерінен салық салынатын табыстардан алынатын 4 700,0 мың теңге сомасындағы жеке табыс салығы

5) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін 2 300,0 мың теңге сомасында төлемақы

 Аудандық (аудандық маңызы бар қаладан) бюджеттен Ижев ауылдық округінің бюджетіне мынадай көлемде трансферттер ретінде «Трансферттер түсімі»:

2024 жыл-37 199,0 мың теңге;

2025 жыл-39 862,0 мың теңге;

2026 жыл-41 185,0 мың теңге.

  1. Шығындар

Ижевск ауылдық округі бюджетінің 2022-2024 жылдарға арналған шығындары мынадай көлемде жоспарланған:

 

          2024 жылы-51 129,0 мың теңге;

         2025 жылы-53 582,0 мың теңге;

         2026 жылы-55 235,0 мың теңге.                 

 

     Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

 

         2024 жылға арналған 06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2 966,0 мың теңге сомасында көзделген.  

124 003 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 2 966,0 мың теңге сомасында Ижев ауылдық округінің әлеуметтік қызметкерін 1 штат бірлігінде ұстауға жоспарланған.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

         07 «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша 2024 жылға арналған шығыстар 2 409,0 мың теңге сомасында көзделген.

          Келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат қарастырылған:

         124008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы - 509,0 мың теңге Ижев ауылы көшелерін жарықтандыру бойынша қызметтерге ақы төлеу үшін;

         124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы - ауылдық округтің елді мекендерінің санитариясын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге 1 300,0 мың теңге;

         124 011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы 600,0 мың теңге сомасында.

 

                                 Көлік және коммуникация

 

         2024 жылға арналған 12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша шығыстар 5 898,0 мың теңге сомасында көзделген.

         124 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы 5 897,0 мың теңге сомасында оның ішінде: ауылдық округтің кенттік автомобиль жолдарының ішінде сапалы жұмыс істеу жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу үшін жыл ішінде 5 897,0 мың теңге сомасында.

         124 045 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы 1,0 мың теңге.

 

 

III. Қаржы активтерімен операциялар бойынша Сальдо

2024 жылға - 0,0 мың теңге.

 

IV.Бюджет тапшылығы (профициті)

2024 жылға– 0,0 мың теңге

  1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

2024 жылға - 0,0 мың теңге

 

     

 

       
         
         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

         

 

 

Дата публикации
06 февраля 2024