GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
Білім беру
16 сентября 2026
Құрметті жас түлектер!

Бейнежазба

Құрметті жас түлектер!

Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Негізгі шарттары:

1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;

2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;

3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4) конкурссыз Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдарда бас маман / жетекші маман лауазымдарына орналасуға болады.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru почтасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

  • 2026 жылы алынған білім туралы құжат (диплом) және оның қосымшалары;
  • жұмыс істегіңіз келетін аудандардың және қалалардың (Көкшетау қаласынан басқа) атаулары;
  • үміткердің байланыс мәліметтері (телефон нөмірі).

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Осы мәселеге қатысты кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

16 сентября 2026
Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар!

Бейнежазба

Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар!

Eqyzmet.gov.kz порталы арқылы конкурсқа қатысу барысында бөлмеге 360 градус форматында шолу жүргізу тәртібіне қатысты көптеген кандидаттарды мазалап жүрген өзекті сұрақтарға жауап беру үшін арнайы бейне-нұсқаулық әзірленді.

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7162) 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

16 сентября 2026
Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

Бейнежазба

Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша төленетін демалыс күндері беріледі. Толығырақ ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар.

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қатысты  кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Төтенше жағдайлар
20 мая 2025
ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

2025 жылдың 22 мен 23 мамыр аралығында Ақмола облысында «Өрт-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының өрт қауіпті кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында облыстың барлық аудандарында/қалаларында арнайы техниканың қозғалысы орын алуы мүмкін, осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды, оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.

Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
09 июля 2024
Хабарландыру

Хабарландыру. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына» сәйкес (утв. ҚР Эгипр 2021 жылғы 26 қазандағы № 425 бұйрығымен (бұдан әрі ереже мәтіні бойынша) «САРЫБИІК» ЖШС жоспарланған қызметтің халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалау мақсатында ашық қоғамдық тыңдаулар өткізуді жоспарлап отыр. Тыңдаулар: 24.07.2024 ж. сағат 12: 00-де Аршалы ауданы Елтоқ ауыллық округі әкімдігінің ғимаратына өтеді .Конференцияны сәйкестендіру: 413 945 6516. Пароль 777. Жобалық құжаттама «бірыңғай экологиялық Портал» сайтында орналастырылған (ecoportal.kz), сондай-ақ «Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»ММ сайтында.

ТКШ, абаттандыру
02 мая 2024
қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыру

. "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына" сәйкес (утв. ҚР Эгипр 2021 жылғы 26 қазандағы № 425 бұйрығымен (бұдан әрі ереже мәтіні бойынша) "САРЫБИІК" ЖШС жоспарланған қызметтің халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалау мақсатында ашық қоғамдық тыңдаулар өткізуді жоспарлап отыр. Тыңдаулар:15.05.2024 ж. сағат 12: 00-де Аршалы ауданы Елтоқ селолық округі әкімдігінің ғимаратына өтеді .Конференцияны сәйкестендіру: 413 945 6516. Пароль 777. Жобалық құжаттама "бірыңғай экологиялық Портал" сайтында орналастырылған (ecoportal.kz), сондай-ақ "Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"ММ сайтында.

 

Есеп беру кездесулері
17 апреля 2024
Есеп беру кездесулерін - өткізу туралы хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ЕЛТОҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Аршалы ауданының әкімі БАЛПАН МҰРАТ САҒАТҰЛЫ және Елтоқ ауылдық округінің әкімі ҚЫДЫРБАЕВА ТЫНЫШТЫҚ ҰЗАҚБАЙҚЫЗЫ жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес Елтоқ ауылдық округінде тұрғындармен кездесулер өткізеді.
Әр кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдайды.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкімі 2024 жылғы 20 сәуірде округтің шағын елді мекендерінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізетін болады. 42-Разъезде сағат 12.00 де медициналық пункт ғимаратында, Қойгелді ауылында сағат 15.00-де жалпы білім беретін мектеп ғимаратында.
Сіздер өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жазбаша түрде «Ұсыныстар, ескертулер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшіктерге, сондай-ақ әлеуметтік желілерде әкімдіктің ресми парақшаларына немесе 8(71644) 2-34-34 телефон нөміріне жібере аласыз.

«Елтоқ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

15 апреля 2024
Елтоқ ауылдық округінің әкімшілік аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Елтоқ ауылдық округінің әкімшілік аумақтық құрылысын өзгерту туралы

2024 жылғы 18 сәуірінде сағ. 17.00-де Елтоқ ауылы,  Орталық көшесі,  9, мекен-жайы бойынша орналасқан Елтоқ ауылдық округі әкімінің ғимаратында, «Елтоқ ауылдық округінің әкімшілік аумақтық құрылысын өзгерту туралы» күн тәртібімен Елтоқ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіледі   (Елтоқ округі құрамынан 42 разъезд жеке әкімшілік- аумақтық бірлік ретінде бөлінуі туралы).

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
28 февраля 2024
Қысқа мерзімді курстар
Қысқа мерзімді курстар
 
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде skills Enbek https://skills.enbek.kz/ru. платформасында тегін онлайн-курстары кеңейтілді. ТКШ және абаттандыру, өндіріс, жеке қызметтер мен сервис, тұру және тамақтану, әлеуметтік қызмет көрсету, сондай – ақ SMART SKILLS сияқты салалар бойынша жұмыс және өмірде сұранысқа ие дағдыларды дамыту бойынша 44 жаңа курс платформасында жарияланды.
Берілген курстар еліміздің барлық азаматтарына, соның ішінде жұмыссыздарға қызмет саласын өзгерту немесе жұмыс іздеу кезінде кәсіби шеберлік деңгейін арттырғысы келетін ақысыз негізде оқыту үшін қол жетімді. Курс өткені туралы сертификат, жұмысқа орналастыру түйіндемесінде алынған дағдылармен Enbek.kz https://enbek.kz/ru порталында автоматты түрде көрсетіледі
Оқу видеосына сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=UCPztqvd3Hs
27 февраля 2024
Абайлаңыз су тасқыны
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы