Құрметті тұрғындар!

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 4 маусымдағы №10/48 қаулысымен ағымдағы жылдың 13 шілдесіне Аршалы және Жібек жолы кенттері, Ақбұлақ, Бірсуат, Елтоқ, Ижев ауылдық округтері әкімдерін сайлау тағайындалғанын хабарлайды.

Үміткерлерді ұсыну 5 маусымда басталып, 2025 жылдың 17 маусымында сағат 18.00-де аяқталады.
Әкімге кандидаттарды тіркеу 22 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
Құжаттарды қабылдауды Аршалы аудандық сайлау комиссиясы мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Аршалы кенті Ж.Тәшенов көшесі 47, 2 кабинет (Аршалы кентінің Жастар орталығының ғимараты), телефон 2-18-80.
Әкімге кандидаттардың өзімен бірге мынадай құжаттары болуы қажет: жеке куәлік, қосымшалары бар білімі туралы дипломдар, еңбек кітапшасы немесе кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар. Барлық құжаттар түпнұсқада ұсынылады.
Кандидаттардың сәйкестігі анықталғаннан кейін қосымша құжаттарды ұсыну бойынша одан әрі жұмыс кандидаттармен жеке жүргізілетін болады.
Барлық қажетті ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында) жарияланады https:// https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-arshaly/activities/71524?lang=ru&parentId=14184 ) және аудандық «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттерінде.

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 июня 2025