Өрт қауіпсіздігі қағидаларыныңы

Аршалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 59-тармағына сәйкес еске салады:

- От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылады.

- Қалдықтар мен ыдыстарды осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда (металл бөшкелер, контейнерлер) жағу бақылаумен жүргізіледі (бұл ретте жақын жерде суы бар ыдыс немесе су қосылған шланг болуы тиіс)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабының негізінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін

- жеке тұлғаларға – жиырма

- лауазымды адамдарға – елу

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дата публикации
17 апреля 2024