"Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелері
1 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 (он бес) жұмыс күні.
2 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)
3 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
5 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі порталға:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса, мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады;
егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін және оның параметрлерін жүргізуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу олардың мүдделерін қозғайтын болса, үй-жайлардың (үй бөліктерінің) сабақтас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
ЖЖЖ Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша қажет емес)/жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электрондық көшірмесі;
объект авариялық деп танылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган құратын ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 795 бұйрығымен бекітілген Авариялық көп пәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың А қосымшасына сәйкес бұзу туралы тиісті қорытындының электрондық көшірмесі.
6 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартады.