*Ақмола облысы тұрғындарының назарына!*
Әр үйге қолжетімді спутниктік теледидар!
Құрметті Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалаларының, кенттерінің, ауылдарының, ауылдық округтерінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (7-баптың 14) тармақшасына, 51-баптың 2 және 6-тармақтарына сәйкес) 2025 жылдың қаңтар айынан бастап спутниктік телерадиохабар тарату операторларының *спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалған шығыстарын субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламасын* іске қосты. Бағдарламаның мақсаты — шалғайдағы және шағын елді мекендердің тұрғындары үшін сапалы спутниктік теледидарды одан әрі қолжетімді ету.
«TV Commerce» ЖШС осы мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы ретінде сіздерге «dostv» брендімен спутниктік қабылдағыштарды сатып алуды ұсынады!
Сіз не аласыз:
⦁ Бағасы: «dostv» спутниктік қабылдағышының құны небәрі 15 000 теңге.
⦁ Тегін арналар топтамасы: кез келген талғамға сай 160 телеарнадан тұратын бір жылдық топтама.
⦁ Болашақтағы тиімді тариф: жеңілдетілген бір жылдық қарау мерзімі аяқталғаннан кейін барлық абоненттерге арнайы ең төменгі тариф ұсынылады.
Қайдан сатып алуға болады?
Субсидияланған қабылдағыштардың сату нүктелері Ақмола облысының келесі елді мекендерінде ашылған:
1. Ақкөл ауданы: Ақкөл қаласы, Х.Ерғалиев көшесі 3, тел.: 87087733976
2. Бұланды ауданы: Макинск қаласы, Уәлиханов көшесі 10, тел.: 87026071999
3. Сандықтау ауданы: Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі 124, тел.: 87056585771
4. Целиноград ауданы: Талапкер ауылы, Астрахан тасжолы 3/1, тел.: 87024058746
5. Целиноград ауданы: Қабанбай батыр ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі 4, тел.: 87714680606
Сіздің елді мекеніңізде сату нүктесі жоқ па? Еш алаңдамаңыз!
Бағдарлама барлық елді мекендердің, тіпті ең шалғайдағы және шағын елді мекендердің тұрғындарына бағытталған. Егер облыстың басқа аудандарының бірінде приставкаларға үлкен сұраныс болса, бірақ ашық сауда нүктесі болмаса, біз мобильді бригаданың сол ауданға барып, қабылдағыштарды сол жерде сатуын ұйымдастыра аламыз!
Ол үшін тұрғындарды белгілі бір күнге (мысалы, әкімдік ғимаратына) жинау қажет. Біздің бригадамыз келіп, таныстырылым өткізеді, қабылдағыштарды сатады және сол жерде қажетті кеңес береді.
Тиімді шарттармен сапалы спутниктік теледидарға қосылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.
Іріктеугемемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Іріктеу 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өтетін бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер қабылданады. Қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден тыс әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Іріктеу 6 бағыт бойынша іске асырылады:
1кезең. http://pkrezerv.gov.kz/порталында құжаттар қабылдау(1 - 30 маусым);
2 кезең.Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (2-10 тамыз);
3 кезең.Ситуациялықтапсырмаларды шешу (16-17 тамыз);
4 кезең.«Құзыреттерді бағалау» кезеңі(22 тамыз - 28 қыркүйек);
5 кезең. «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңі (8-15 қазан);
6 кезең. Ұлттық комиссияның отырысы (25 қазанға дейін).
Үміткерлергеқойылатын талаптар мен іріктеу кезеңдері туралы барлық мәліметтер http://pkrezerv.gov.kz/порталында қолжетімді.Тіркелу барысында кандидат сұрақтар туындаған жағдайда порталдағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына жүгіне алады.
@elgeqyzmet.aqmola
Ақмола облысының кадр комиссиясы өңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен құпия сөзі арқылы дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар aqmola@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/) және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.
13 ақпан күні түстен кейін Ақмола облысының аумағында екпіні 15-20 м/с желмен боран болады деп күтілуде.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сізден автокөлікпен ұзақ сапарлардан бас тартуды сұрайды. Елді мекендерден тыс сапарды жоспарлау кезінде синоптиктердің болжамын тыңдаңыз, құтқару қызметінің SMS хабарламаларына назар аударыңыз. Автожолдардың жабылуы немесе ашылуы туралы Сіз «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыз немесе 14-03 нөмірі бойынша «Қазавтожол» колл-орталығына жүгіне аласыз.