«Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы» қызметінің есебі

«Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы»

қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: 2025 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Аршалы кентінің жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есепте жергілікті атқарушы орган, «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтер саны: «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ, мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 512 құрады, оның ішінде: жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-14; Кент, ауыл жерлерінен жер телімін беру (бірінші кезең – 0, екінші кезең - 0); Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу (бірінші кезең - 51, екінші кезең – 49) -100; жер телімін жеке меншікке біржолғы не бөліп – бөліп сату-5; жер телімін алуға кезекке қою – 382, жер телімін жалдау мерзімін ұзарту-18.

«Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ-де «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған. Азаматтар есепті кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш білдірген жоқ, себебі Аршалы кентінің аумағында Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ орналасқан, азаматтар КЕАҚ-қа тікелей жүгінеді.

3) Сұранысқа ие  мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2025 жылы «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімдеріне құқықтар алу»; «Жер телімін алуға кезекке қою», «жер телімін жалдау мерзімін ұзарту» аса сұранысқа ие қызметтер болды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ стендінен алуға болады. Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz. Аудан әкімдігінің және Аршалы кенті әкімдігінің инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінің парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылау аудан әкімі мен Аршалы кенті әкімінің инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілері парақшаларында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді. 2023 жылғы желтоқсанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2025 жылы «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ-де шағымдар тіркелген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

 

Аршалы кентінің әкімі                                                   Қ. Жандыбаев

 

 

 

 

 

Аршалы кенті әкімінің

2025 жылғы мемлекеттік

қызметтер көрсету мәселелері

жөніндегі қызметінің есебіне

қосымша

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қаралған күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

-

-

 

 

«Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы» қызметінің есебі
Дата публикации
26 февраля 2026