GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Все материалы
05 марта 2024
Жаңадан бастаушылар мен практиктерге арналған курстар

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде skills Enbek https://skills.enbek.kz/ru. платформасында тегін онлайн-курстары кеңейтілді. ТКШ және абаттандыру, өндіріс, жеке қызметтер мен сервис, тұру және тамақтану, әлеуметтік қызмет көрсету, сондай – ақ SMART SKILLS сияқты салалар бойынша жұмыс және өмірде сұранысқа ие дағдыларды дамыту бойынша 44 жаңа курс платформасында жарияланды.

Платформа жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту"тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарымен ұқсастығы бойынша құрылған.

Берілген курстар еліміздің барлық азаматтарына, соның ішінде жұмыссыздарға қызмет саласын өзгерту немесе жұмыс іздеу кезінде кәсіби шеберлік деңгейін арттырғысы келетін ақысыз негізде оқыту үшін қол жетімді. Курс өткені туралы сертификат, жұмысқа орналастыру түйіндемесінде алынған дағдылармен Enbek.kz https://enbek.kz/ru порталында автоматты түрде көрсетіледі
Оқу видеосына сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=UCPztqvd3HsВ 

05 марта 2024
Ұлттық қор – балаларға

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелді.
Бағдарлама бойынша алғашқы нысаналы жинақтар 2024 жылғы 1 ақпанда түсті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараты бойынша, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балаларды қоса алғанда). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балаларды қоса алғанда).

Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде бірдей сома есептелді.

Бұл алғашқы есептеулер. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады.

Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана беріледі. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына аударылады.

Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған  сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат  сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе  порталында өз бетінше тексере алады.

09 февраля 2024
2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

Қазақстан Республикасының  2023 жылғы 05 желтоқсандағы «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Заңына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

  -    жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік      

      көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;

 -    базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс  

      минимумының (КМ) шамасы – 43 407 теңге.

 

         2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9% -ға арттырылады.

            2024 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін  ең жоғары табыс 55 АЕК-тен аспауға тиіс (203 060 теңге).

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері- зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 206-бабына сәйкес жаңа КМ өлшемінің пайызы ретінде орнатылады.Бұл 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жаңадан және бұрыңғы зейнеткерлерге де қатысты.

           Ақмола облысында базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 204 теңгеден 128 926 теңгеге дейін өседі.

         Мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды (мүмкіндігі шектеулі балалар) тәрбиелеп отырған ата-аналарға,  асырап алушыға, қамқоршыға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақылар; 1-ші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 7%-ға өсуіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері; бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, АЕК мөлшерінің 7%-ға өсуіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 19 қазандағы №925 «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға өсуіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Бұдан басқа, Кодекстің 85-бабының 2-тармағына сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оның күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен аз болса міндетті зейнетақы жарналарының қосымша есебін ескере отырып, мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне дейін ұлғайтылады.

Ақмола облысы бойынша 01.01.2024 ж. бастап  292 892 төлемге арттырылады. 01.01.2024 жылдан бастап ай сайынғы төлем сомасы 2 млрд. теңгеге өсіп және 19,7 млрд. теңгені құрайды.

                                                                                   

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы