GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Білім беру
16 сентября 2026
Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар!

Бейнежазба

Құрметті жас түлектер!

Сіздерге Ақмола облысының мемлекеттік органдарындағы төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Негізгі шарттары:

1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;

2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;

3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4) конкурссыз Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдарда бас маман / жетекші маман лауазымдарына орналасуға болады.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru почтасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

  • 2026 жылы алынған білім туралы құжат (диплом) және оның қосымшалары;
  • жұмыс істегіңіз келетін аудандардың және қалалардың (Көкшетау қаласынан басқа) атаулары;
  • үміткердің байланыс мәліметтері (телефон нөмірі).

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Осы мәселеге қатысты кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Білім беру
16 сентября 2026
Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар!

Бейнежазба

Құрметті мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар!

Eqyzmet.gov.kz порталы арқылы конкурсқа қатысу барысында бөлмеге 360 градус форматында шолу жүргізу тәртібіне қатысты көптеген кандидаттарды мазалап жүрген өзекті сұрақтарға жауап беру үшін арнайы бейне-нұсқаулық әзірленді.

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7162) 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Білім беру
16 сентября 2026
Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

 

Бейнежазба

Мемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша төленетін демалыс күндері беріледі. Толығырақ ақпаратты бейнероликтен көре аласыздар.

Мемлекеттік қызметтегі өзекті жаңашылдықтар:

@zhazira_toqtar

@elgeqyzmet.aqmola

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қатысты  кеңес алу үшін 8 (7162) 51 81 32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Денсаулық сақтау
28 июля 2026
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

                         ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

 

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

Жылдар аралығында 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025 жылы – 72 ҮЕҰ).

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_ ):

         1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

        2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

        3) қоршаған ортаны қорғау;

        4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

        5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

        6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

         7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

         8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

         9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

        10) мәдениет пен өнерді дамыту;

        11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

         12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

        13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

        14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

        15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

        16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

        Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ).

 

Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:

- Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

-  2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ;

- Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:

- үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

- 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ;

- соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

          1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

        2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

        3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

         4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала  бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

       5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

       6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

          7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

          8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).

Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.

Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін)  premiya2026@cisc.kz  (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде).

ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады:

- бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;

- өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

Ескерту!

Өтінімді premiya2026@cisc.kz электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.

 

 

 

 

Толтыруға қажетті қосымшалар нысандары

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды
беру қағидаларына
1-қосымша

 

 

 

                                                                                                            Нысан

 

                                                                                                           Кімге: Қазақстан Республикасы
                                                                                                           Мәдениет және ақпарат  

                                                                                                             министрлігі
                                                                                                            Кімнен:
                                                                                                         ____________________________
                                                                                                        (өтініш берушінің толық атауын
                                                                                                        көрсету)

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына

қатысуға өтініш

 

  Осы өтінішпен ____________________________________________________

                                    (өтініш берушінің толық атауын көрсету)

«______________________________________________________________»

       («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес саланы көрсету)

саласы бойынша үкіметтік емес  ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру конкурсына қатысуға ниет білдіреді.

      Өтінімді толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

      ________________________________________________________________

      Лауазымы                   (қолы)                   Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған

         сыйлықақыларды беру қағидаларына

2-қосымша

 

 

 Сыйлықақыға ұсынылған ізденушінің сауалнамасы

 

Р/с №

Атауы

Ақпарат (сыйлықақыға ұсынылған ізденуші толтырады)

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес сыйлықақыға үсынылған ізденушінің атауы



2.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні



3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі



4.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес заңды мекенжайы



5.

Нақты мекенжайы



6.

Қызметінің нысанасы (Жарлыққа сәйкес)



7.

Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес)



8.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс (оның ішінде мобильді) телефонының нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы



      Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

      _________________________________________________________________________

      Лауазымы                         (қолы)             Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына
3-қосымша

 

 

 

                                 Нысан

 

 Сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама

      _________________________________________________

      (үкіметтік емес ұйымның толық атауын көрсету)

  1. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік

      міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттап беріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «____________________________________________________________»

(ұсынып отырған саланың толық атауын көрсету)

 

саласы бойынша жұмыс тәжірибесі.

 

р/с
 №

 Әлеуметтік жобаның атауы
(негізгі қызметтің қысқа сипаттамасы)

Әлеуметтік жобаны іске асыру мерзімдері

Әлеуметтік жобаның нәтижелері









      * Ағымдағы жобаларды қоса отырып, үкіметтік емес ұйымдар беретін  ұсынып отырған саланың тақырыбына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар көрсетіледі (ұйымның мамандары жеке негізде өздігінен өткізген немесе басқа ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен көрсетілетін қызметтер ұйымның өзінің тиісті тәжірибесі болып саналмайды).

   

  1. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде Сіздің

 ұйымыңыздың тарапынан қандай қызмет инновациялары қолданылды, сипаттап  беріңіз.

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Толтыру күні: 20___ жылғы «___» __________.

      _______________________________________________________________

      Лауазымы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

Мәдениет және спорт
05 января 2026
Құттықтау

 

Анар ауылдық округіндегі алаңда жаңа жылдық көңіл-күй.

Мәдениет және спорт
06 мая 2025
Құттықтау

Анар ауылдық округінің әкімі Мусабеков Б.Н. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Илиупов А.А.-мен бірге тыл еңбеккері Айтеева К.Б.-ны арнайы барып құттықтады. Ұлы Жеңіске қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдіріп, азық-түлік себеті мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль табыс етті.

Мемлекеттік қызметтер
14 февраля 2024
«Е-Заңкөмегі»

   «Е-Заңкөмегі» АЖ - заңкөмегінкөрсетудіңбірыңғайақпараттықжүйесі, олқұқықтыққызметтердікөрсету мен алуғаарналғаналаң.
          Бұлреттеқызметтерді онлайн немесе офлайн режимдеалуғаболады, бұлелдегі пандемия кезіндеөтемаңызды. «Е-Заңкөмегі» АЖ арқылызаңгердіжәне/ немесезаңконсультантынтабуға (таңдауға) болады, бұлреттемамандыіздеу (мамандығыбойынша, жұмыстәжірибесібойынша) жәнеоныңдеректерінтексерукритерийікөзделген (лицензиясын, заңконсультанттарыпалатасынанемесеадвокаттаралқасынамүшелігін).Осылайша, жоғарыдакөрсетілгенақпараттықжүйеазаматтардыңбіліктізаңкөмегінеқолжетімділігінқамтамасызетугежәнежеңілдетугебағытталған. 
       Адвокатты, заңгердітаңдауүшін «Е-Заңкөмегі» АЖ-і немесе eup.kz сілтемесіарқылытабуға  болады.

 
Төтенше жағдайлары
14 февраля 2024
Қар басу мен боран кезіндегі іс-қимыл қағидалары
Қатты боран туралы ескерту алған кезде:
1.терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіштерді мықтап жабыңыз;
2.терезе әйнектерін қағаз таспалармен жабыстырыңыз, жапқыштармен немесе қалқандармен жабыңыз;
3.электр қуатының өшу мүмкіндігіне дайындалу;
4.екі тәуліктік су, тамақ, дәрі-дәрмек, автономды жарықтандыру құралдарының (шамдар, керосин шамдары/оттықтар, шамдар) қорын дайындау;
5.жорық плиткаларын, батарейкалармен жұмыс істейтін радионы дайындаңыз;
6.қылтималар мен терезелерден ауа ағынымен ұсталуы мүмкін заттарды алып тастаңыз;
7.теледидарлар мен радионы үнемі қосулы ұстаңыз, өйткені маңызды ақпараттық хабарлама келуі мүмкін;
8.жеңіл құрылыстардан берік ғимараттарға ауысу;
9.қар тазалау құралын дайындаңыз.
 
 
Қатты боранның пайда болуы туралы хабарлама алған кезде:
1.үй-жайдан тек ерекше жағдайда ғана кетуге рұқсат етіледі, егер мұндай қажеттілік туындаса, көршілерге, отбасы мүшелеріне қайда бара жатқаныңыз туралы және қайтып оралу уақытына қатысты ақпаратты хабарлаңыз;
2.үй-жайдан жалғыз шығуға тыйым салынады;
3.көлікте тек үлкен трассалар, автомобиль жолдары арқылы жүруге болады;
4.көліктен шыққан кезде көріну аймағында қалу керек;
5.егер көлік құралы сынған болса, үзіліссіз дыбыстық сигнал беру керек, сорғышты көтеру немесе антеннаға жарқын матаны іліп қою керек, тек көліктің ішінде көмек күту керек;
6.егер жаяу жүру кезінде бағдар жоғалса, бірінші үйге кіріп, орналасқан жерін нақтылау керек, мүмкін болса, боранның аяқталуын күту керек;
7.егер физикалық шаршау пайда болса, баспана тауып, онда қалу керек;
8.бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болыңыз, өйткені табиғи апаттар кезінде автокөліктерден, пәтерлерден және қызметтік бөлмелерден ұрлық саны күрт артады.
 
Қатты бораннан кейінгі іс-қимыл ережелері:
Егер қатты қар басу жағдайында сіз үй ішінде құлыптаулы болсаңыз, Сізге келесі әрекеттерді істеу қажет:
1.қардың астынан өздігінен шығу мүмкіндігі бар-жоғын тексеріңіз (қолда бар құралдарды қолдана отырып);
2.ТЖ жөніндегі басқармаға (бөлімге) немесе жергілікті атқарушы органға қар басу сипаты және оларды өз бетінше шығару мүмкіндігі туралы хабарлау;
3.егер қар басуды өз бетінше шығару мүмкін болмаса-құтқару бөлімшелерімен байланысыңыз;
4.радионы, теледидарды қосыңыз және жергілікті билік органдарының ақпараттық хабарламаларын/нұсқауларын орындаңыз;
5.жылуды сақтау және азық-түлік қорын үнемді пайдалану бойынша шаралар қабылдаңыз.
Атап өту өте маңызды! Дауыл туралы ескертулерді елемей қалмаңыз, ауа райы нашарлаған кезде ұзақ сапарлар мен таулы жерлерге барудан аулақ болыңыз.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы