Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бюджет

Бюджет

БЮДЖЕТ

Ұлт Жоспарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің дербес деңгейі ретінде елімізде кезең-кезеңімен енгізілуде.

2018 жылдан бастап МӘМ дербес бюджеті енгізілді. Осы кезеңде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде халық саны 2 мың адамнан асатын 1000-нан астам ауылдық округтерге енгізілді.

Үшінші қорытынды кезең 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2000 және одан төмен халқы бар аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер бюджетінің төртінші деңгейіне көшуді көздейді.

Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру шеңберінде тиісті бюджеттердің жобаларын талқылауға азаматтардың қатысу тетіктерін енгізу көзделген.

Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын, кентінің дамуына бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бюджеттің жаңа деңгейі салықтық және салықтық емес төлемдерден түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылады:

- төлем көздерінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы;

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- жеке және заңды тұлғалардан көлік салығы;

- жеке және заңды тұлғалардан елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;

- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

- коммуналдық меншіктің мемлекеттік мүлкін жалға беруден;

- жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары;

- "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алынатын айыппұлдар;

- коммуналдық меншікті сатудан түскен кірістер, сондай-ақ аудандық бюджеттен берілетін трансферттер.

Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджеттер халықтың елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, автожолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және т. б. жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ақыр соңында адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал етеді және елді мекендердің сыртқы келбеті.

Документы
Ақпарат
14 февраля 2024
Ақмола облысы Аршалы ауданы Анар ауылдық округі әкімінің аппараты
2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджет
Есеп
13 февраля 2024
Ақмола облысы Аршалы ауданы Анар ауылдық округі әкімінің аппараты
01.01.2024 ж арналған талдамалық есеп
Есеп
13 февраля 2024
Ақмола облысы Аршалы ауданы Анар ауылдық округі әкімінің аппараты
01.01.2024 бюджеттің атқарылуы туралы есеп
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы