Меню

Страницы

Статья

 2021 жылғы «Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 2021 жылғы «Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер.

"Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:

1."Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау";

2."Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";

3."Шешім беру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге";

4."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу";

5."Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату";

6."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою";

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6.

Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-6.

2021 жылы  Кеңес  ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 48  қызмет, оның ішінде:

"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 41.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 4.

."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"- 3

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ғимараттың холында ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.

Ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2021 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 43 мемлекеттік қызмет алынды. Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, жауапты маман бекітілген.

Кеңес ауылдық округінің әкімі "Адал көмек" жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша тікелей эфир өткізді. Бұдан басқа, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2021 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.

4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Округ әкімінің аппаратымен перспективаларды талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта, одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2022 жылы Telegram-бот EgovKzBot2.0, eGovMobile қосымшасы арқылы, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы