2021 жылғы «Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
«Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 6.
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-6.
2021 жылы Азат ауылында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 9 қызмет, оның ішінде:
«Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 7.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»-2
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ғимараттың холында ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.
Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2021 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 53 мемлекеттік қызмет алынды. Ауыл әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, жауапты маман бекітілген.
Азат ауылынің әкімі «Адал көмек» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша тікелей эфир өткізді. Бұдан басқа, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Ауыл әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2021 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Ауыл әкімінің аппаратымен перспективаларды талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта, одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2022 жылы Азат ауылында сервистік әкімдік ашу жоспарлануда, сонымен қоса Telegram-бот EgovKzBot2.0, eGovMobile қосымшасы арқылы, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.