2021 жылғы «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.
2021 жылы аудан тұрғындарына «Мемлекеттік корпорация» («Азаматтарға арналған үкімет») арқылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тарту саны 8.
Аудан тұрғындары үшін бөлім басшысы мен маманының қатысуымен Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша 3 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды БАҚ-та орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2021 жылы аудандық «Ақкөл арнайы» газетінде және әлеуметтік желілерде 9 мақалалар жарияланды.
Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен 2021 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.
Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.
2021 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында.
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.