Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрсететін мемлекеттік қызмет саласындағы қызметтерінің 2021 жылғы есебі
Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді, олардың ішінде 6 қызмет альтернативтік түрде – орталық арқылы, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталынан басқа), көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орнату және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталынан басқа),«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, электрондық түрде үкіметтік электрондық портал арқылы көрсетіледі.
2021 жылы аудан халқына 1814 мемлекеттік қызмет, электронды үкімет порталы арқылы 208 мемлекеттік қызмет, электрондық еңбек биржасы арқылы-169 мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді. Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы, электронды түрде тікелей мемлекеттік мекеменің көмегімен 1437 мемлекеттік қызмет. Дәлелді бас тарту саны 13.
Жұмыспен қамту орталығы 6 қызмет түрін көрсетеді: «Жұмыс іздеушілерді тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Ақпарат беру. өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растау», «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру».
2021 жылға Халықты жұмыспен қамту орталығында ең көп сұранысқа ие үш мемлекеттік қызмет түрі: «Жұмыс іздеушілерді тіркеу»–614, «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызмет – 399, «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»–708, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет.- 93.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша орталық мамандарының қатысуымен 3 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік органда қолданыстағы Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары қамтылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стенді бар.
Мемлекеттік мекемеде «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, 2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 323 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидалар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.
2021 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2022 жылы EgovKzBot2.0 Telegram боты және eGovMobile қосымшасы, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету, қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.