Меню

Страницы

Статья

"Ақкөл ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

"Ақкөл ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер.

 

"Ақкөл ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:

- "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру";

- "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру".

Бұл қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тегін негізде электрондық түрде көрсетіледі.

2021 жылы қызмет алушылардан өтініштер түскен жоқ.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтықты; бөлімде мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін және мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді.

2021 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы