Меню

Страницы

Статья

Ақкөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ММ 2021 жылғы қызметі туралы есеп

Ақкөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ММ 2021 жылғы қызметі туралы есеп

 
1)    Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
 
Бөлім қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік функцияларды іске асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

  Ақкөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2,3 разрядты спортшы және 1-2-3 жасөспірімдік разрядты спортшы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты және екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы - спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына және 2014 жылғы 03 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының заңына негізделген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының заңын , Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

 

          Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы спорт бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетілмеді, себебі облыста облыстық кешенді спартакиадалар өткізілмеді.

 
2)    Қызмет алушылармен жұмыс
 
1)           Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.

         Спорт бөлімінде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер, стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.).

          Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Компьютер, принтер, сканер, веб-камера орнатылған.

3)    Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

        Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында 2021 жылы ресми интернет-ресурстарында 4 мақала жарияланды.

4)    Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақкөл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

 

         5) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

      Ақкөл ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда, бұл 2021 жылы қызмет алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдардың жоқтығын куәландырады.

 

           6) 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жоспарланған:

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген мерзімдерде уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі – қызметтер көрсету мерзімдерін күнделікті бақылау;

2.  әкімдік отырыстарында, аппараттық кеңестерде, мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде сөз сөйлеу;

3.   әлеуметтік желілер, аудандық газеттер арқылы "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықты 100% хабардар етуді қамтамасыз ету;

4.  Мемлекеттік корпорация және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетудің баламалы нысаны бар көрсетілетін қызметтер бойынша "электрондық үкімет" порталы арқылы өтініштер санын кемінде 95% - ға ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы