Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2021 жылғы «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер.

 

«Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекттік мекемесімен қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 22 түрі, олардың ішінде 4 қызмет   альтернативтік негізінде – бөлім арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, электрондық түрде үкіметтік электрондық портал арқылы көрсетіледі.

2021 жыл бойынша аудан халқына 2197 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы 1084 мемлекеттік қызмет,  «электрондық  үкімет»  порталы  арқылы  397 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тікелей мемлекеттік мекемемен 716 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде көрсетілді. Ақылы негізде 6 мемлекеттік қызмет, 16 қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тарту саны 0.

2021 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ең көп сұранысқа ие қызметтер үш мемлекеттік қызмет болып табылады: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 547 мемлекеттік қызмет,  «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» - 636 мемлекеттік қызмет, «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына  өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 475 мемлекеттік қызмет.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

 

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша бөлім мамандарының қатысуымен 5 тікелей эфир өткізілді.

2021 жылы «Ақкөл өмірі» аудандық газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 43 ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен 2021 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стендтер бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

2021 жылы қызмет бөлімнің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.

2021 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жасау және ақпараттық технологиялар бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы-Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақкөл аудандық бөлімімен бірлесіп, электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.    

Мемлекеттік мекемеде «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.

2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EgovKzBot2.0 Telegram-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.

Мемлекеттік мекеменің мамандары тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсететін тікелей эфирлерге қатысады. Бұдан басқа, «Адал көмек» жобасы шеңберінде мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына қатысты тікелей эфирлер өткізуге қатысады.

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы