Меню

Страницы

Статья

Ақкөл ауданының ТКШ, ЖМ, АЖ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы 2021 жылғы есебі

Ақкөл ауданының ТКШ, ЖМ, АЖ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы 2021 жылғы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген  Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын  басшылыққа алады.

Ақкөл ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік қызметтерді «Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсетеді.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2021 жылы ТКШ бөлімімен мемлекеттік қызметтің 10 түрі көрсетілді, оның ішінде ақылы негізде 0 мемлекеттік қызмет, 10 тегін негізде.

№

Атауы

Мемлекеттік қызметтердің саны

1.

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру

0

2.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

71

3.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру

2

4.

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

8

5.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту

0

6.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу

0

7.

Ағаштарды кесуге рұқсат беру

0

8.

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру

1

9.

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару

0

10.

Тұрғын үй сертификаттарын беру

0

2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 82 құрады, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы -3;

- электрондық түрде барлығы - 72 («электрондық үкімет» порталы, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері);

- «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы - 7 қызмет;

- қызмет берушілер арқылы - 0 қызмет.

 

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2021 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер:

- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 71 қызмет;

- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау - 8 қызмет.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.

Мемлекеттік мекеменде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер, стандарттар, өтініштердің үлгілері және т.б.).

Ақкөл ауданының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді.

 

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді;

- бұқаралық ақпарат құралдарында 15 түсiндiру материалдары жарияланды  (Instagram - 15 әлеуметтік желілерінде);

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ филиалымен бірлесіп, қызмет көрсетушілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты 1 кеңес өткізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақкөл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақкөл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызмет көрсету Ережелерін бұзуды алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда. 2021 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдардың болмауы дәлел.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген мерзімдерде уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі – қызметтер көрсету мерзімдерін күнделікті бақылау;
  2. әкімдік мәжілістерінде, аппараттық кеңестерде мемлекеттік органдардың тыңдау;
  3. әлеуметтік желілер, аудандық газеттер арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықты 100% хабардар етуді қамтамасыз ету;
  4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер тікелей эфирлер өткізу

 

Ақкөл ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекция бөлімі қызметі туралы 2021 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар aqkol_zhkh@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы