Ақкөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер.
Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтауға анықтама беру»;
2. «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) әзірлеу кезінде бастапқы материалдармен қамтамасыз ету»;
3. «Эскизді (нобайлық жобаны) келісу»;
4. «Объектілерді орналастыру (құрылысты бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім шығару».
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлім келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтауға анықтама беру» -143 «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы және 170 электрондық түрде, үкіметтіқ портал арқылы;
Барлығы: 313 куәлік (2020 жылы – осы кезеңге 478)
2. «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдармен қамтамасыз ету (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)» - 70 электрондық түрде, ЭҮП арқылы; (2020 жылы – осы кезеңде 41)
3. «Эскизді (нобайлық жобаны) келісу» - 39 қызмет электронды түрде, ЭҮП арқылы (2020 жылы -31 осы кезеңге)
4. «Объектілерді орналастыру (құрылысты бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» - 9 қызмет көрсетілді (2020 жылы, осы кезеңде 0).
Бөліммен барлығы 430 мемлекеттік қызмет көрсетілген (2020 жылы – 550), оның ішінде 143 мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік корпорация» Азаматтарға арналған үкімет» арқылы, 287 мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген. Қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық 4 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тартулардың саны 4.
2021 жылға ең сұранысқа ие қызметтер: «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтауға анықтама беру».
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Аудан тұрғындары үшін бөлім басшысының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды БАҚ-да орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2021 жылы әлеуметтік желілерде 12 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім басшысының аппараттық кеңестерінде, әкімдік отырыстарында тұрақты негізде тыңдалып отырады.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелері орналастырылған. Facebook және Instagram веб-сайттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты орналастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында.
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.