2020 жылғы «Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер.
"Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
4. «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу)»;
5. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;
6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
7. Мектепке дейнгі балалар ұйымдарына жібіру ұшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою.
8. Өтініш берушінің (отбасын) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.
Қолданыстағы Тізілімге сәйкес әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді:
-Тегін негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 8;
-Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 8;
2020 жылы Азат ауылында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-6, оның ішінде :
-«Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу)»-6
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
Халыққа ақпарат беру үшін әкімдік ғимаратында стенд орналастырылған, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері, сондай –ақ интернет-ресурстар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары көрнекі түрде ұсынылған
"Адал көмек" жобасы аясында Азат ауылының әкімі мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына тікелей эфир өткізді. Сондай-ақ, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. ZOOM платформасында "Мемлекеттік қызмет көрсету"тақырыбы бойынша семинар өтеді..
Ауданның мемлекеттік органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетушілермен және "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты кеңестер өткізілді.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда, бұл 2020 жылға қызмет алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, ауыл әкімі аппаратында "Е-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды.
2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EGOVKZBOT2.0 Telegram-боты және EGOVMOBILE қосымшасы арқылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда