2020 жылғы «Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған қызмет туралы есебі
Жер қатынастары бөлімімен 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;
4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;
5) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
6) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
7) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
8) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
9) Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату;
10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
2020 жылы бөліммен 416 мемлекеттік қызмет көрсетілді, сонын ішінде: «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» - 60;
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» - 238;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 27; «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»- 0,
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» - 5;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 76;
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» - 0; «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» - 0;
«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» - 2;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 64.
2020 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу, шағымдар мемлекеттік қызметтерге анықталған жоқ.
"Е-Лицензиялау" базасында есептік деректерді тексеру барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге сәйкес келеді.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуды танымал ету үшін БАҚ-та (жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру,).
Азаматарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен таныстыру үшін мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері 2 тілде орналастырылған стенд жасалған.