Меню

Страницы

Статья

Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрсететін мемлекеттік қызмет саласындағы қызметтерінің 2020 жылғы есебі

Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрсететін мемлекеттік қызмет саласындағы қызметтерінің 2020 жылғы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді, олардың ішінде 4 қызмет   альтернативтік түрде – орталық арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, электрондық түрде үкіметтік электрондық портал арқылы көрсетіледі.

2020 жылы аудан халқына  1163 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы 250 мемлекеттік қызмет. Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы, электронды  түрде тікелей мемлекеттік мекеменің көмегімен 913 мемлекеттік қызмет.  Дәлелді бас тарту саны 6. Жұмыспен қамту орталығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру».

2020 жылы Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту Орталығы» ең көп сұранысқа ие қызметтердің түрі екеу: «Жұмыс іздеушілерді, жұмыс іздеуші және жұмыссыз азамат ретінде тіркеу» - 1079 мемлекеттік қызмет,  «Атаулы әлеуметтук көмек» - 67 мемлекеттік қызмет.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

2020 жылы «Знамя Родины KZ» аудандық газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 6 ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стендтер бар, оларда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. Спикерлер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жыл қорытындысына сәйкес орталықтың 7 маманы оқытылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидалар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.

2020 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.                                   

Мемлекеттік мекемеде «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.

2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EgovKzBot2.0 Telegram-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.

       «Адал көмек» жобасы шеңберінде мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына қатысты тікелей эфирлер өткізуге қатысады.

 

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы