Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған қызмет туралы есебі

2020 жылғы «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған қызмет туралы есебі

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген  Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын  басшылыққа алады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылы Ақкөл аудандық білім бөлімімен мемлекеттік қызметтің 23 түрі көрсетілді, оның ішінде 23 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі:

  1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»;
  2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;
  3. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»;
  4. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
  5. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
  6. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
  7. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»;
  8. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
  9. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
  10. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»;
  11. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»;
  12. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»;
  13. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;
  14. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»;
  15. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»;
  16. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;
  17. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
  18. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»;
  19. «Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау»;
  20. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
  21. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»;
  22. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  23. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау».

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 23 құрады, оның ішінде:

  1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» - 0;
  2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» - 2;
  3. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» - 33;
  4. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» -154
  5. ;«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 306;
  6. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 592;
  7. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 220;
  8. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» - 43;
  9. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» - 85;
  10. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» - 2;
  11. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 15;
  12. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» - 0,
  13. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 208,
  14. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 0,

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Аудандық білім бөліміде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд көрнекі ресімделген, сондай-ақ халықпен электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картриджермен, "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылған және жабдықталған.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2020 жылы білім бөлімінің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматтажүргізілді.

 

5) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

«Ақкөл аудандық білім бөлімі» ММ-не 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан  мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы