Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы «Ақкөл аудандық құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі 

2020 жылғы «Ақкөл аудандық құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі 

  1. Жалпы ережелер.

«Ақкөл аудандық құрылыс бөлімі» мемлекттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді, бұл қызмет "Электрондық үкіметтің" веб-портал арқылы, электронды түрінде көрсетіледі.

2020 жылы қызмет алушылардан өтініштер түскен жоқ. Бұл қызметтер тегін көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды БАҚ-та орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2020 жылы аудандық "Знамя Родины КZ" газетінде және әлеуметтік желілерде 3 мақалалар жарияланды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. Спикерлер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін 2 қызметкері оқытылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.

2020 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы