2020 жылғы «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.
2020 жылы аудан тұрғындарына «Мемлекеттік корпорация» («Азаматтарға арналған үкімет») арқылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Дәлелді бас тарту саны 4.
Аудан тұрғындары үшін бөлім басшысы мен маманының қатысуымен Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша 2 Тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды БАҚ-та орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2020 жылы аудандық "Знамя Родины КZ" газетінде және әлеуметтік желілерде 2 мақала жарияланды.
Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен 2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд бар, оларда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары орналастырылған.
2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. Спикерлер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін түрлі ұйымдардың 138 қызметкері оқытылды.
Мемлекеттік мекеменің мамандары мемлекеттік қызметтерді мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру.
2020 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қамтамасыз ету және қол жеткізу бойынша мемлекеттік мекеме «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы-Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақкөл аудандық бөлімімен бірлесіп, электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мемлекеттік мекеменің маманы тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсететін тікелей эфирлерге қатысады. Бұдан басқа, «Адал көмек» жобасы шеңберінде мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына қатысты тікелей эфирлер өткізуге қатысады.