Меню

Страницы

Статья

"Ақкөл ауданы Новорыбин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

"Ақкөл ауданы Новорыбин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 1. Жалпы ережелер

«Ақкөл ауданы Новорыбин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі селолық округі  әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, оның ішінде:

1 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері қарай тегін тасымалдауды ұсыну»;

2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдау»;

4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»  

5. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе  бөліп төлеуге сату»;

6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

7. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін  (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»  

8. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру».

Қолданыстағы тізілімге сәйкес әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді;

- тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 8;

- қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-8.

2020 жылы округ әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-7, оның ішінде: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 7

2. Қызмет алушылармен жұмыс

Халыққа ақпарат беру үшін әкімдік ғимаратында стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.

"Адал көмек" жобасы аясында Новорыбин селолық округінің әкімі мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына тікелей эфир өткізді. Сондай-ақ, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта, ZOOM платформасында өткізілді, тақырыбы:"Мемлекеттік қызмет көрсету".

Ауданның мемлекеттік органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетушілермен және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты кеңестер өткізілді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Ауданның мемлекеттік органдарымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл 2020 жылға қызмет алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдардың жоқтығын көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты округ тұрғындары арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, округ әкімі аппаратында "Е-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.  

2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EgovKzBot2.0 Telegram-боты және   eGovMobile қосымшасы арқылы БАҚ  және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы