2020 жылғы «Ақкөл ауданы Наумов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер.
«Ақкөл ауданы Наумов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Наумов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
4. «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
6. « Мектепке дейінгі балалар ұйымдастырына жіберу үшін мектепке дейінгі ( 6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
7. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату».
8. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын аңықтама беру».
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-8.
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-8.
2020 жылы селолық округі әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 2 қызмет, оның ішінде:
«Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 2.
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ғимараттың холында ақпараттық стенд орналастырылған, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі және оларды көрсету бойынша толық ақпарат, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2020 жылы 35 азамат электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алды. Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, жауапты маман бекітілген.
Наумов ауылдық округінің әкімі "Адал көмек" жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша тікелей эфир өткізді. Бұдан басқа, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2020 жылы округ әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн форматта техникалық оқудан өтті.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында округ әкімі және мамандар ауданның мемлекеттік органдарымен және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты өткізілетін кеңестерге қатысады.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл 2020 жылға мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Округ әкімінің аппаратымен перспективаларды талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта, одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2021 жылы Telegram-бот EgovKzBot2.0, eGovMobile қосымшасы арқылы, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарлануда.