«Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер.
«Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
Әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді, оның ішінде:
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
5. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;
6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
7. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
8. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру».
Ағымдағы тізілімге сәйкес, электрондық үкімет, портал арқылы электрондық түрде әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді,
- ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 8;
- қағаз және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 8.
2020 жылы аппаратта көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 10 қызмет, оның ішінде:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 6;
«Шешім беру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге» -4
2.Қызмет алушылармен жұмыс.
Халыққа ақпарат беру үшін әкімдік ғимаратында стенд орнатылған, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі, стандарттар, өтінімдерді толтыру үлгілері, қолданыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері бар.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Ауданның мемлекеттік органдары тұрақты негізде Ереже талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізуде, бұл 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарының жоқтығы көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, сондай - ақ оны көрсету бойынша бірлескен қызметті жетілдіру мақсатында жүйелі негізде Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында құқықтық түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, ауыл әкімі аппаратында "Е-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.