Меню

Страницы

Статья

«Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

«Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер

         «Ақкөл ауданының Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

         Әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді, оның ішінде:

         1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;

         2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;

         3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

        4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

         5. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;

         6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

         7. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

         8. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру».

            Ағымдағы тізілімге сәйкес, электрондық үкімет, портал арқылы электрондық түрде әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді,

- ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 8;

- қағаз және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 8.

         2020 жылы, округ әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 27 қызметті құрады, оның ішінде:

         «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 21; «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 4; «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» - 2;

2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
 

Халыққа ақпарат беру үшін әкімдік ғимаратында стенд орнатылған, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі, стандарттар, өтінімдерді толтыру үлгілері, қолданыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері бар.

         «Адал Көмек» жобасы аясында Қарасай ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметтер көрсету тақырыбында тікелей эфир өткізді, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары және танымал әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

3.     Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2020 жылы аудандық қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша техникалық оқыту өткізілді. Оқу онлайн форматта, ZOOM платформасында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» тақырыбында өтті.        

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау.

         Ауданның мемлекеттік органдары тұрақты негізде Ереже талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізуде, бұл 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарының жоқтығын көрсетеді.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде элеронды форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

         Сонымен қатар, округ әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы «E-gov» жұмыс істейді.

         2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EgovkzBot2.0 Telegram-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы қызметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танымал ету жоспарлануда.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы