"Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер
"Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»;
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
4. «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
6. « Мектепке дейінгі балалар ұйымдастырына жіберу үшін мектепке дейінгі ( 7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
7. «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату».
8. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын аңықтама беру».
Қолданыстағы тізілімге сәйкес әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді; - тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-8; - қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-8.
2020 жылы Жалғызқарағай ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 4, оның ішінде: «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 2; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1; «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 0; «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» – 1;
2.Қызмет алушылармен жұмыс.
Халыққа ақпарат беру үшін әкімдік ғимаратында стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.
"Адал көмек" жобасы аясында Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына тікелей эфир өткізді. Сондай-ақ, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2020 жылы әкімдік қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.
Ауданның мемлекеттік органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетушілермен және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты кеңестер өткізілді.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Ауданның мемлекеттік органдарымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл 2020 жылға қызмет алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты округ тұрғындары арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, округ әкімі аппаратында "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. 2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EGOVKZBOT2.0 Telegram-боты және EGOVMOBILE қосымшасы арқылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал етуді жоспарлануда.