Меню

Страницы

Статья

Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер.

«Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, соның ішінде:

«Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі, соның ішінде:

1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

5. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»;

6. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

7. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

8. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру».

Қолданыстағы Тізілімге сәйкес электрондық нысанда электрондық үкімет порталы арқылы 8 қызмет түрі көрсетіледі:

- тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-8;

- қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-8.

2020 жылы Еңбек ауылдық округінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 8 қызмет, оның ішінде :

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 0;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2;

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 4;

«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» - 0;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 2;

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 0;

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» - 0.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс.

Тұрғындардың ақпараты үшін стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтердің тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері көрнекі түрде ұсынылған. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар журналы басталды.

«Адал көмек» жобасы аясында Еңбек ауылдық округінің әкімі Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына тікелей эфир өткізді. Сондай-ақ, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді.

Ауданның мемлекеттік органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетушілермен және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты кеңестер өткізілді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда, бұл көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызметтер көрсетуге 2020 жылға шағымдардың жоқтығын куәландырады.

5. Қызмет алушылардың көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты округ тұрғындары арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, округ әкімі аппаратында "Е-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.

2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ EGOVKZBOT2.0 Telegram-боты және EGOVMOBILE қосымшасы арқылы БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.

 

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы