Ақкөл қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің
2020 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер.
«Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қалалық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
4. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
Қолданыстағы Тізілімге сәйкес әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді;
- тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 5;
- қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 5.
2020 жылы қала әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 136 қызмет, оның ішінде:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 52;
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» -11;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 22;
«Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» - 2;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 49.
2.Қызмет алушылармен жұмыс.
Халыққа ақпарат беру үшін әкімдік ғимаратында стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер тізбесі, стандарттар, өтініштерді толтыру үлгілері, мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы қағидалары көрнекі ұсынылған.
«Адал көмек» жобасы аясында Ақкөл қалалық округі әкімі Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына тікелей эфир өткізді. Сондай-ақ, БАҚ және танымал әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта, ZOOM платформасында өткізілді.
Ауданның мемлекеттік органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетушілермен және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - мен кеңес өткізілді
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Ауданның мемлекеттік органдарымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл 2020 жылға қызмет алушылар тарапынан оларға мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдардың жоқтығын көрсетеді.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әкім аппараты округ тұрғындары арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді дәріптеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, округ әкімі аппаратында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.
2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ Egovkzbot2.0 Telegram-бот арқылы қызметтерді алуды танымал ету жоспарлануда.