Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы Ақкөл ауданы әкімдігі уәкілетті органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2020 жылғы Ақкөл ауданы әкімдігі уәкілетті органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі 

  1. Жалпы ережелер.

 1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген  Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын  басшылыққа алады.

Ақкөл ауданында мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, 9 дербес бөлім, жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылы Ақкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 85 түрі көрсетілді, оның ішінде ақылы негізде 12 мемлекеттік қызмет, 73 тегін негізде.

№

Атауы

Мемлекеттік қызметтердің саны

1.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында

26

2.

Білім саласында

23

3.

Жер қатынастары саласында

10

4.

Ауыл шаруашылығы саласында

6

5.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында

8

6.

Сәулет және қала құрылысы саласында

4

7.

Дене шынықтыру және спорт саласында

2

8.

Құрылыс саласында

2

9.

Ветеринария саласында

3

10.

Әскери қызмет саласында

2

11.

Басқа мемлекеттік қызметтер

1

Қолданыстағы Тізілімге сәйкес «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда 68 қызмет түрі, 37 қызмет түрі Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі. Ақылы негізде 12 қызмет көрсетіледі, 72 қызмет тегін көрсетіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 7198 құрады, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы -1344;

- электрондық түрде барлығы - 4658 («электрондық үкімет» порталы, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері);

- «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы - 5 қызмет;

- қызмет берушілер арқылы - 1191 қызмет.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер:

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» - 866 қызмет;

- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 592 қызмет;

- «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 492 қызмет;

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» - 479 қызмет;

-  «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 419 қызмет.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер, стандарттар, өтініштердің үлгілері және т.б.).

Ақкөл ауданының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі..

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- ауылдық округтерде "E-gov" қолжетімділік бұрыштары ашылды»;

- 10 баннер орналастырылды;

- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 16 тікелей эфир өткізілді;

- бұқаралық ақпарат құралдарында 129 түсiндiру материалдары жарияланды («Знамя Родины КZ» аудандық газетінде – 31, әлеуметтік Facebook – 4, Instagram - 94 әлеуметтік желілерінде);

- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен әкімдіктің 4 отырысы, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ филиалымен бірлесіп, қызмет көрсетушілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты 11 кеңес өткізілді.

Ақкөл ауданында 2018 жылы «Сервистік әкімдік» ашылды. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы және ыңғайлы болуы үшін «Сервистік әкімдікте» қажетті техникамен жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарында, аудан мектептерінде, мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерде халыққа электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридждермен жабдықталған 41 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2020 жылы қызмет көрсетушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. Спикерлер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін түрлі ұйымдардың 138 қызметкері оқытылды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету Ережелерін бұзуды алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда. 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдардың болмауы дәлел.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2020 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 6 бақылау іс-шарасы өткізілді. Ішкі бақылаумен келесі ұйымдар қамтылды:

- Ақкөл ауданы білім бөлімінің «Кенес Одағының Батыры Исаков Петр Михайлович атындағы №1 Ақкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

- «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

- «Ақкөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

-«Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

- «Ақкөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

- «Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бақылау іс - шаралар барысында 16 ұсыныс шығарылып, олардың 100% орындалды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы 3 мемлекеттік органда (сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, Ақкөл қаласы әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке «Ақкөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы тартылды.

 

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2020 жылы «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі» тақырыбына әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Қызметтің жалпы қанағаттанушылығын бағалау негізінде Ақкөл ауданы 8,94 балл жинады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген мерзімдерде уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі – қызметтер көрсету мерзімдерін күнделікті бақылау;
  2. мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
  3. әкімдік мәжілістерінде, аппараттық кеңестерде мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдау;
  4. Ақкөл ауданы аумағында орналасқан мемлекеттік органдардағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына мониторинг жүргізу;
  5. көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу;
  6. лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне және оның нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініш жасауға негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдау;
  7. әлеуметтік желілер, аудандық газеттер арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықты 100% хабардар етуді қамтамасыз ету;
  8. Ақкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпараттың болуын қамтамасыз ету;
  9. бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бақылау іс-шараларын жүргізу;
  10. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша консультацияларды сапалы ұсыну мәніне мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізу (қоңырау шалу);
  11. мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлермен тікелей эфирлер өткізу;
  12. мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша сұрақтармен Қоғамдық кеңестерде сөз сөйлеу;
  13. мемлекеттік корпорация және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетудің баламалы нысаны бар көрсетілетін қызметтер бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштер санын кемінде 95% - ға ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;
  14. мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерін анықтау, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау;
  15. Ақкөл қаласы мен ауданның ауылдық округтерінде eGovMobile қосымшасын дәріптеу үшін 9 баннер орнату.

 Ақкөл ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2020 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар akkol_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы