Меню

Страницы

Статья

С дипломом в село

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап іске асырылуда, бұл бағдарлама 100 АЕК-ке (2020 жылғы жағдай бойынша 277 800 теңге) тең көтерме жәрдемақы және 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде 1500 АЕК-тен аспайтын сомада (2020 жылғы жағдай бойынша 4 167 000 теңге) әлеуметтік қолдау шараларын көздейді.

2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" өзгерістер енгізілді.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-анасынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алған балаларынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен (қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жай сатып алуға пайдалануға болмайды.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен мамандарға берілмейді

Көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;

білімі туралы дипломның көшірмесі;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;

білімі туралы дипломның көшірмесі;

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;

кредиттік бюродан есеп

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді:

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Жұмыс кестесі:

Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы броньдауға болады.

Карантин кезеңінде мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі туралы ақпаратты 2-03-44, 2-28-44 телефондары арқылы нақтылауды сұраймын.

«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлім» ММ

Дата публикации
20 октября 2020
Дата обновления
20 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы