Меню

Страницы

Статья

Құрметті Ақмолалықтар!

Коронавирустық пандемияға қарсы дүниежүзілік күрес және шектеу шаралары аясында көптеген азаматтар сатып алуларды интернет арқылы жүзеге асыруға мәжбүр.

Мұны интернет-алаяқтар пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін сәтті игеруде.

Азаматтардың сенімдеріне кіріп, жылдам табыс табуға уәде бере отырып, ақпараттық желілердің көмегімен олардың ақшалай қаражаттарын алуда.

Сонымен қатар, қаскүнемдердің көптеген тәсілдері бар, оның ішінде интернет кеңістігінде де, әлеуметтік желілерде де, мессенджерлерде де.

Әдетте, егер алаяқ ақшаны қолына түсірсе, оны табу қиынға соғады.

Осыған байланысты, азаматтарға сақ болуға және жеке ақпаратпен бөліспеу қажеттігі туралы қатаң кеңес береміз.

Күдікті СМС немесе қоңыраулар түскен жағдайда, дереу 102 нөміріне полиция органдарына хабарласып, бір мезгілде банктегі өз шоттары мен кредиттік тарихын тексеру қажет.

Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды ескертеді және жаднамаларда көрсетілген қарапайым қағидаларды ұстануға кеңес береді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

Дата публикации
08 сентября 2020
Дата обновления
08 сентября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы