Ақкөл ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2024 жылғы қаңтар - желтоқсандағы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебіЖалпы ережелер.
Жер қатынастары мен сәулет саласында барлығы 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі
Сәулет және қала құрылысы бөлімі 4 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:
2024 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілді :
1.«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 79 қызмет және ЭҮП арқылы 63 электрондық қызмет;
Барлығы: 142 анықтама (2023 жылы - осы кезеңде 219)
3.«Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» - ЭҮП арқылы электрондық түрде 110 қызмет (2023 жылы -88 осы кезеңде)
- «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»; ЭҮП 207 қызметі
- «Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау»; 1 қызмет.
- «Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» -0 қызмет.
Бөліммен барлығы 760 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, олар «Мемлекеттік корпорация» («Азаматтарға арналған үкімет») арқылы 79 мемлекеттік қызмет, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 681.
- Тікелей мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 0 қызмет көрсетті.
2024 жылы неғұрлым талап етілетін қызметтер: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» болып табылады.
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
Аудан тұрғындары үшін бөлім басшысының қатысуымен тікелей эфир өткізілді.
Мүдделі қызметтер мен ұйымдармен дөңгелек үстел өткізілді. Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелері орналастырылған. Facebook және Instagram сайттарында мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылған.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
2024 жылы көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу жүргізілді. Оқыту жұмыс режимінде жүргізілді. Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлім басшысы болып табылады. Қысқартуларға байланысты сәулет бөлімінде маман жоқ. Мемлекеттік қызметшінің қосымша бірлігі қажет.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында.
Сонымен қатар, ғимаратта «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің ашық бұрышы бар.
2024 жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ танымал әлеуметтік желілер арқылы қызметтерді алу кеңінен насихатталды.
Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына қатысты тікелей эфирлер өткізеді.