Меню

Страницы

Статья

«Ақкөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Ақкөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

«Ақкөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді, бұл қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ. Бұл қызметтер тегін көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық мақалаларды орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, 2024 жылы аудандық «Ақкөл арайы» газетінде және әлеуметтік желілерде 3 мақала жарияланды.

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелері орналастырылған мемлекеттік қызметтер бойынша стенд бар.

  1. Жетілдіру жөніндегі қызмет

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процестері.

 

2024 жылы бөлім қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу жүргізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді. Спикерлер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері шақырылды. Жыл қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсететін 1 қызметкер оқытылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік мекеменің мамандары мынадай негізгі қағидаттар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді: көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізу;

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;

Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру.

2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
24 февраля 2025
Дата обновления
24 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

14 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
14 июля 2026
Бейнероликтер
14 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы